Компьютерде факстарды жіберу және алу үшін параметрлерді реттеу

Факстарды компьютерде жіберу және алу үшін, желі немесе USB кабелі арқылы қосылған компьютерде FAX Utility орнатылған болуы керек.

Факстерді қабылдау үшін Компьютерге сақтау баптауын орындау

FAX Utility қолдану арқылы факстерді компьютерде қабылдуға болады. Клиенттің компьютеріне FAX Utility орнатып, қажетті баптаулар жасаңыз. Мәліметтер алу үшін FAX Utility анықтамасындағы Basic Operations бөлімін қараңыз (негізгі терезеде көрсетіледі).

Принтердің басқару тақтасының төменгі бөлігіндегі баптау өрісіне Иә тармағы қолданылса, қабылданған факстерді компьютерде сақтауға болады.

Параметрлер > Факс параметрлері > Қаб-у парам-рі > Компьютерге сақтау

Қабылданған факстарды принтерде басып шығаруды қамтамасыз ету үшін Компьютерге сақтау параметрін баптау

Қабылданған факстарды принтерде басып шығару, сондай-ақ оларды компьютерге сақтау параметрін баптауға болады.

  1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Параметрлер опциясын таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Факс параметрлері > Қаб-у парам-рі параметрін таңдаңыз.

  3. Компьютерге сақтау > Иә және басып шығару параметрін таңдаңыз.

Факстарды қабылдамау үшін Компьютерге сақтау параметрін баптау

Принтерді қабылданған факстарды компьютерге сақтамайтындай етіп баптау үшін принтердің параметрлерін өзгертіңіз.

Ескертпе:

Сондай-ақ, FAX Utility мүмкіндігі арқылы өзгертуге болады. Дегенмен, компьютерге сақталмаған қандай да бір факстар болса, бұл функция жұмыс істемейді.

  1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Параметрлер опциясын таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Факс параметрлері > Қаб-у парам-рі параметрін таңдаңыз.

  3. Компьютерге сақтау > Жоқ параметрін таңдаңыз.