Сия деңгейін тексеру

Іс жүзінде қалған сияны тексеру үшін принтер ыдыстарының барлығында сия деңгейлерін қарап тексеріңіз.

Маңызды:

Сия деңгейі төменгі сызықтан төмен болғанда, принтерді ұзақ уақыт пайдалану принтерді зақымдауы мүмкін.

Ескертпе:

Сонымен қатар принтер драйверіндегі күй мониторынан болжамды сия деңгейлерін тексеруіңізге болады.

  • Windows

    EPSON Status Monitor 3 қойындысындағы Қызмет көрсету түймесін басыңыз.

    Егер EPSON Status Monitor 3 ажыратылса, Кеңейтілген параметрлер қойындысындағы Қызмет көрсету түймесін басыңыз да, EPSON Status Monitor 3 қосу таңдаңыз.

  • Mac OS

    Apple мәзірі > Жүйе параметрлері > Принтерлер және сканерлер (немесе Басып шығару және сканерлеу, Басып шығару және факс) > Epson(XXXX) > Опциялар және керек-жарақтар > Қызметтік бағдарлама > Принтердің қызметтік бағдарламасын ашу > EPSON Status Monitor