Тек жалғанған телефонды қолдану арқылы факстерді қабылдау параметрлерін баптау (Қашықтан қабылдау)

Келіп түскен факстерді принтерді мүлдем қолданбастан, телефон тұтқасын көтеру және телефонмен жұмыс істеу арқылы ғана қабылдауды іске қоса аласыз.

Қашықтан қабылдау мүмкіндігі тоналды теруді қолдайтын телефондар үшін қол жетімді.

  1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экрандағы Параметрлер опциясын таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Факс параметрлері > Нег.параметрлер > Қашықтан қабылдау параметрін таңдаңыз.

  3. Қосу параметрін таңдаңыз.

  4. Іске қосу коды түрінде екі таңбалы кодты (0-ден 9-ға дейінгі сандарды, * және # символдарын енгізуге болады) енгізіп, параметрлерді қолдану үшін OK түймесіне басыңыз.