> Басқару тақтасы нұсқаулығы > Басты экран конфигурациясы

Басты экран конфигурациясы

Пайдаланылған сия қорабының сыйымд. экранын көрсетеді. Пайдаланылған сия қорабының шамамен қызмет көрсету мерзімін тексеруге болады.

Желі қосылымының күйін көрсетеді. Қосымша мәліметтер алу үшін келесіні қараңыз.

Желі белгішесінің нұсқаулығы

Принтер үшін Тыныш режимі параметрі орнатылғанын көрсетеді. Осы мүмкіндік қосылғанда, жұмыс істеп тұрған принтерден шығатын шуыл азаяды, бірақ принтердің жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Дегенмен, таңдалған қағаз түрі мен басын шығару сапасына байланысты шуылдар азаймауы мүмкін. Параметрді өзгерту үшін таңдаңыз. Сондай-ақ, реттеулерді Параметрлер мәзірінен жасауға болады.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Принтер параметрлері > Тыныш режимі

Әрбір мәзірді көрсетеді.

  • Көшіру

    Құжаттардың көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.

  • Сканерлеу

    Құжаттарды сканерлеуге және оларды компьютерге сақтауға мүмкіндік береді.

  • Қызмет көрсету

    Басып шығару сапасын жақсарту үшін ұсынылатын әрекеттерді, соның ішінде саңылауды тексеру үлгісін басып шығару және құралдың механизмін тазалау, сондай-ақ басып шығару механизмін теңестіру арқылы баспалардағы дақтар мен сызықтарды кетіру әрекеттерін көрсетеді. Сондай-ақ, реттеулерді Параметрлер мәзірінен жасауға болады.

    Параметрлер > Қызмет көрсету

  • Параметрлер

    Техникалық қызмет көрсетуге, принтердің параметрлеріне және операцияларға қатысты реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.

Экранды оңға айналдырады.