Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін компьютерге келесі қолданбалар орнатылғанын тексеріңіз.
Epson ScanSmart (Windows 7 немесе одан кейінгі нұсқасы не OS X El Capitan немесе одан кейінгі нұсқасы)
Epson Event Manager (Windows Vista/Windows XP немесе OS X Yosemite/OS X Mavericks/OS X Mountain Lion/Mac OS X v10.7.x/Mac OS X v10.6.8)
Epson Scan 2 (сканер функциясын пайдалану үшін қажетті қолданба)
Орнатылған қолданбаларды тексеру үшін келесі бөлімді қараңыз.
Windows 10: бастау түймесін басыңыз, содан соң Windows жүйесі — Басқару тақтасы — Бағдарламалар — Бағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.
Windows 8.1/Windows 8: Жұмыс үстелі — Параметрлер — Басқару тақтасы — Бағдарламалар — Бағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.
Windows 7/Windowes Vista: бастау түймесін басыңыз, содан соң Басқару тақтасы — Бағдарламалар — Бағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.
Windows XP: бастау түймесін басыңыз, содан соң Басқару тақтасы — Бағдарламаларды қосу немесе жою бөлімін таңдаңыз.
Mac OS: Өту > Қолданбалар > Epson Software тармағын таңдаңыз.
Түпнұсқаларды қойыңыз.
Басқару тақтасындағы Сканерлеу > Компьютер параметрін таңдаңыз.
Сканерленген кескіндерді сақтайтын компьютерді таңдаңыз.
параметрін таңдаңыз, содан соң басқа компьютерді таңдаңыз.
Сканерленген кескінді компьютерге сақтау әдісін таңдау үшін
параметрін таңдаңыз.
түймесін түртіңіз.
Windows 7 немесе кейінгі нұсқасын не OS X El Capitan немесе кейінгі нұсқасын пайдаланғанда: Epson ScanSmart қолданбасы компьютерде автоматты түрде іске қосылып, сканерлеу басталады.
Бағдарламалық құралдың толық пайдалану ақпаратын Epson ScanSmart анықтамасынан қараңыз. Анықтаманы ашу үшін Epson ScanSmart экранындағы Help түймесін басыңыз.