Төменде сипатталғандай басқару тақтасындағы мәзірлерді таңдаңыз.
Параметрлер > Қызмет көрсету
Қызмет көрсету
Басып шығару сапасын реттеу
Басып шығаруларға қатысты қандай да бір проблемалар болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз. Бітелген саңылауларды тексеруге және қажет болса, басып шығару механизмін тазалауға, содан соң басып шығару сапасын жақсарту үшін кейбір параметрлерді реттеуге болады.
Басып шығару басы саңл. тексеру
Басып шығару механизмінің саңылаулары бітелсе, тексеру үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.Принтер саңылауды тексеру үлгісін басып шығарады.
Басып шығару басын тазалау
Басып шығару механизміндегі бітелген саңылауларды тазалау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Сияны технологиялық тазалау
Сияны технологиялық тазалау қызметтік бағдарламасы сия түтіктерінің ішіндегі бүкіл сияны ауыстыруға мүмкіндік береді.
Басып шығару механизмін туралау
Шектік сызықты туралау
Тік сызықтарды туралау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Көлденеңінен туралау
Егер көлденең жолақтар басып шығарулардағы бірдей аралықтарда көрсетілсе, осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Сия толтыру
Сия ыдысын толтырғанда сия деңгейлерін 100 % мәніне қайта орнату үшін осы мүмкіндікті пайдаланыңыз.
Сия деңгейі параметрі
Нақты қалған сияға сәйкес сия деңгейін орнату үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Пайдаланылған сия қор.қалған сый-ғы.
Сияға арналған қораптың шамамен қызмет мерзімін көрсетеді. белгісі көрсетілгенде қолданылған сияға арналған қорап толуға жақын екенін білдіреді. белгісі көрсетілгенде қолданылған сияға арналған қорап толғанын білдіреді.
Қағаз бағ. тазарту
Егер ішкі роликтерде сия дақтары болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз.Ішкі роликтерді тазалау үшін принтер қағазды береді.