PIN кодын пайдалану арқылы сымсыз маршрутизаторға автоматты түрде қосуға болады. Бұл әдісті сымсыз маршрутизаторда WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) бар болғанда орнату үшін пайдалана аласыз. Сымсыз маршрутизаторға PIN кодын енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Негізгі экрандағы
түймесін түртіңіз.
Wi-Fi параметрін таңдаңыз.
Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.
Егер желі қосылымы бұрыннан орнатылған болса, қосылым мәліметтері көрсетіледі. Параметрлерді өзгерту үшін Рұқсат нүктесін өзгерту түймесін түртіңіз.
Егер принтер Ethernet қосылымы арқылы бұрыннан қосылса, Wi-Fi қосылымына өзгеріс енгізіңіз. түймесін түртіңіз, содан соң хабарды тексергеннен кейін Иә параметрін таңдаңыз.
Басқалар > PIN Код орнату (WPS) параметрін таңдаңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер реттеу аяқталғаннан кейін принтерге арналған желі қосылымының күйін тексеру қажет болса, мәліметтерді төмендегі қатысты ақпарат сілтемесінен қараңыз.
PIN кодын енгізу туралы мәліметтер алу үшін, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.