Wi-Fi Direct көмегімен мобильді құрылғыны қосу үшін QR кодын көрсетеді.
Басқа операциялық жүйедегі құрылғылар
Wi-Fi Direct қосуға арналған SSID және құпиясөзді көрсетеді.
Қолданбамен оңай қосылу
Компьютерге немесе мобильді құрылғыға арналған LAN сымсыз желі ақпаратын пайдаланып LAN сымсыз желісіне қосылыңыз.
Желі күйі
Сымды LAN/Wi-Fi күйі
Принтердің желі ақпаратын көрсетеді.
Wi-Fi Direct күйі
Wi-Fi Direct параметрі ақпаратын көрсетеді.
Басып шығару күйінің парағы
Желі күйі туралы парақты басып шығарады.
Ethernet, Wi-Fi, Wi-Fi Direct мүмкіндігіне арналған ақпарат пен басқа да мәліметтер екі немесе бірнеше бетте басып шығарылады.
Байланысты тексеру
Ағымдағы желі қосылымын тексеріп, есепті басып шығарады. Егер қандай да бір қосылым ақаулығы болса, ақаулықты шешу үшін есепті қараңыз.
Қосымша
Құрылғы атауы
Құрылғы атауын 2–53 таңба аралығындағы кез келген атауға өзгертеді.
TCP/IP
Егер IP мекенжайы статикалық болса, IP параметрлерін конфигурациялайды.
Автоматты түрде конфигурациялау үшін DHCP тағайындаған IP мекенжайын пайдаланыңыз.
Қолмен орнату үшін Қолмен параметріне ауыстырып, содан соң тағайындау қажет IP мекенжайын енгізіңіз.
Прокси-сервер
Егер прокси серверді желіңіздің ортасында пайдаланып жатсаңыз және оны принтерге орнату қажет болса, осыны орнатыңыз.
IPv6 мекенжайы
IPv6 мекенжайын тағайындауды қосуды не қоспауды орнатады.
Байланыс жылд-ғы және дупл. байл.
Тиісті Ethernet жылдамдығын және дуплексті параметрді таңдаңыз. Егер «Авто» параметрінен басқа параметрді таңдағанда, параметр пайдаланып жатқан хабтағы параметрлерге сәйкес болуы қажет.