Мәзірді төмендегі принтердің басқару тақтасынан табуға болады.
Web Config экранында төмендегі мәзірді табуға болады.
Fax қойындысы > Send Settings
Егер құпия сөз енгізу экраны көрсетілсе, құпия сөзді енгізіңіз.
Бір алушыға бірнеше факс жіберу керек болған жағдайда бұл опция оларды бірге жіберу үшін топтастырады. Бір мезгілде бес құжатқа дейін (жалпы 100 бетке дейін) жіберуге болады. Байланыс санын азайту арқылы тасымалдау ақысын үнемдеуге көмектеседі.
Принтердің жадындағы жіберілмей қалған құжаттарды сақтайды. Құжаттарды Job/Status мәзірінен қайта жіберуге болады.
Келесі түпнұсқаны күту уақытын орнатыңыз. Уақыт өткеннен кейін принтер факсты жіберуді бастайды.