Дискіні салу және шығару

Маңызды:
  • Дискіге басып шығармас бұрын, дискіні өңдеу алғышарттарын қараңыз.

  • Принтер жұмыс істеп тұрған кезде диск/идентификаторлық карта науасын салмаңыз. Бұл принтерге зақым келтіруі мүмкін.

  • Басып шығару деректерін жібермегенше және шамы жанбағанша диск/идентификаторлық карта науасын салмаңыз. Болмаса қате орын алады және науа шығарылады.

  1. Шығыс науасы шығарылған кезде науада қағаздың жоқтығын тексеріп, қолмен итеру арқылы жабыңыз.

  2. Компьютерден басып шығару деректерін жіберуіңіз.

  3. шамы жанғанда, дискіні жүктеу (салу) үшін төмендегі нұсқаулықтарды орындаңыз.

  4. Шығыс науасының астында сақталған диск/идентификаторлық карта науасын шығарыңыз.

  5. Диск/идентификаторлық карта науасы таза екенін тексеріңіз. Егер кір болса, жұмсақ, сумен суланған таза шүберекпен тазалаңыз.

  6. Дискіні диск/идентификаторлық карта науасына басылатын бетін жоғары қаратып салыңыз.

    Маңызды:

    Диск/идентификаторлық карта науасына бекіту үшін дискінің ортасын басыңыз. Дискінің құлап кетпейтініне және диск/идентификаторлық карта науасына мықтап бекітілгенін тексеру үшін науаны аударыңыз.

  7. Диск/идентификаторлық карта науасын науаның дискі жағымен принтерге салыңыз. Диск/идентификаторлық карта науасының белгілері өнімнің алдыңғы жағымен тураланғанша салыңыз.

    Ескертпе:

    Науаны принтерге енгізген кезде, аздап сызылғанын сезуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе, оны көлденеңінен енгізе беруіңіз қажет.

  8. Басып шығаруды бастау үшін түймесін басыңыз.

  9. Басып шығарғаннан кейін автоматты түрде шығарылған кезде диск/идентификаторлық карта науасын алып тастап, содан соң, науадан дискіні алып тастаңыз.

  10. Шығыс науасының астында сақталған диск/идентификаторлық карта науасын ұясына қайта салыңыз.

    Маңызды:

    Басып шығаруды аяқтаған соң, диск/идентификаторлық карта науасын алып тастағаныңыз. Егер диск/идентификаторлық карта науасын алмасаңыз және принтер қосылса не өшірілсе, басы тазаланса, науа басып шығару механизміне соқтығысып, принтердің зақымдалуына әкелуі мүмкін.