Төменде сипатталғандай басқару тақтасындағы мәзірлерді таңдаңыз.
Параметрлер > Принтер параметрлері
Принтер параметрлері
Қағаз көзінің параметрі
Қағаз параметрі
Қағаз көзіне салған қағаз өлшемін және қағаз түрін таңдаңыз.Қағаз өлшемі мен қағаз түріне Таңд.қағаз пар-рі жасауға болады.
Қағаз конфигурациясы
Қағаз көзіне қағаз салынған кезде, Параметрлер > Принтер параметрлері > Қағаз көзінің параметрі > Қағаз параметрі тармағы арқылы қағаз параметрлері терезесін автоматты түрде көрсету үшін, Қосу тармағын таңдаңыз. Егер осы мүмкіндікті ажыратсаңыз, AirPrint мүмкіндігі арқылы iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысынан басып шығару мүмкін емес.
CD/DVD
Жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжыту арқылы CD/DVD орнын реттейді.
CD ішкі/сыртқы
CD/DVD ішкі және сыртқы диаметрлерінің басып шығару күйін реттейді. Сыртқы диаметрін 120 мм-ге дейін және ішкі диаметрін 18 мм-ге дейін көрсетуге болады. Параметрге байланысты CD/DVD немесе CD/DVD науасы ластануы мүмкін. CD/DVD басып шығарылатын аймағын сәйкестендіру ауқымын орнатыңыз. Фотосуреттерді жад картасынан CD/DVD бетіне басып шығарған жағдайда, осы жерде орнатылған басып шығару аймағы бастапқы мән болады.
Жапсырмалар
Жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжыту арқылы фотосурет жапсырмасының басып шығару орнын реттейді.
Қалың қағаз
Басып шығаруларға сияның жағылуын болдырмау үшін Қосу параметрін таңдаңыз, бірақ ол басып шығару жылдамдығын төмендетуі мүмкін.
Тыныш режимі
Басып шығару барысында шуылды азайту үшін Қосу параметрін таңдаңыз, бірақ ол басып шығару жылдамдығын төмендетуі мүмкін.Таңдаған қағаз түрі мен басып шығару сапасының параметрлеріне байланысты принтердің шуыл деңгейінде өзгешелік болмауы мүмкін.
Сия кебу уақыты
2 жақты басып шығаруды орындағанда пайдалану қажет сияның кебу уақытын таңдаңыз.Принтер бір жағын басып шығарғаннан кейін екінші жағын басып шығарады.Егер басып шығарылған материал былғанса, уақыт параметрін арттырыңыз.
Қос бағытты
Басып шығару бағытын өзгерту үшін Қосу параметрін таңдаңыз; басып шығару механизмі солға және оңға жылжыған кезде басып шығарады.Басып шығарылған қағазда тік немесе көлденең сызылған сызықтар бұлдыр немесе қисық болып көрінсе, осы мүмкіндікті өшіру мәселені жоюы мүмкін, алайда бұлай жасау басып шығару жылдамдығын төмендетуі ықтимал.
Интенсивтілік
Басып шығару тығыздығын реттейді.
Барлық парам-ді өшіру
Принтер параметрлері параметрлерін әдепкі мәндеріне қайта орнатады.