Егер СКД экранында қате хабарлар көрсетілсе, ақаулықты шешу үшін экрандағы нұсқауларды немесе төмендегі шешімдерді орындаңыз.
|
Қате туралы хабарлар |
Шешім |
|---|---|
|
IP мекенжайы мен қосалқы желі маскасының тіркесімі дұрыс емес. Қосымша мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз. |
Дұрыс IP мекенжайын немесе әдепкі шлюзді енгізіңіз. Көмек алу үшін желіні реттейтін тұлғаға хабарласыңыз. |
|
Басып шығару механизмін туралау жұмысы орындалмады. Басып шығару механизмінде ақау бар. Epson қолдау қызметіне хабарласыңыз. |
Егер басып шығару сапасы саңылауларды тексеруді және басып шығару механизмін 3 рет тазалаудан кейін жақсармаса, кемінде 12 сағат бойы күтіңіз, содан соң қажет болса, саңылауларды тексеруді қайта орындаңыз және басып шығару механизмін тазалауды қайталаңыз. Егер Күшейтілген тазалау қызметін іске қосқаннан кейін басып шығару сапасы жақсармаса, кемінде 12 сағат бойы басып шығарусыз күтіңіз, содан соң саңылауларды тексеруді қайта орындаңыз. Басып шығарылған үлгіге байланысты Басып шығару басын тазалау немесе Күшейтілген тазалау қызметін іске қосыңыз. Егер сапа әлі де жақсармаса, Epson қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. |
|
Мәліметтерді алу үшін келесі жерге өтіңіз немесе құжаттаманы қараңыз. Әрекетті растаған соң, [Түсіндім] опциясын таңдаңыз. |
Егер QR кодын сканерлеу мүмкін болмаса, смарт құрылғымен жалғаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін келесіні қараңыз. |
|
Байланыс қатесі. Компьютер қосылғанын тексеріңіз. |
Компьютер мен принтерді дұрыс қосыңыз. Егер желі арқылы жалғансаңыз, компьютерден желі қосылымы әдісін сипаттайтын бетті қараңыз. Егер сканерлеу барысында қате туралы хабар көрсетілсе, Epson ScanSmart қолданбасы компьютерде орнатулы екенін тексеріңіз. |
|
Бұлттық қызметтерді пайдалану үшін түпкі сертификатты жаңартыңыз. |
Web Config мүмкіндігін іске қосып, түбірлік сертификатты жаңартыңыз. |
|
Бұл функцияны пайдалану үшін бағдарламалық жасақтаманы компьютеріңізге орнатыңыз. Толығырақ мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз. |
Компьютерде Epson ScanSmart орнатыңыз. |
|
Компьютер табылмағанда келесілерді тексеріңіз. - Принтер мен компьютер арасындағы байланысты (USB немесе желі) - Қажетті бағдарламалық жасақтаманың орнатылғаны - Компьютердің қосылғаны - Брандмауэр мен қауіпсіздік бағдарламалық жасақтамасына арналған парамтерлерді - Қайта іздеу Қосымша мәлімет алу үшін, құжаттаманы қараңыз. |
Компьютер дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Epson ScanSmart компьютерде орнатылғанына көз жеткізіңіз. |
|
Принтер (IP мекенжайы сияқты) немесе принтер драйверінің порт параметрлері компьютер бойынша дұрыс екендігін тексеріңіз. |
Принтер портының Принтер мәзірінен Сипат > Порт бөлімінде дұрыс таңдалғанын тексеріңіз. USB қосылымы үшін «USBXXX» немесе желі қосылымында принтер драйвері орнатылғанын тексеру үшін «EpsonNet Print Port» параметрін таңдаңыз. |
|
Компьютер арқылы порт параметрлері мен принтер драйвері дұрыс екендігін тексеріңіз. Мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз. |
|
|
Қағаз конфигурациясы Өшірулі күйінде. Кейбір функциялар қолжетімсіз болуы мүмкін. Толық мәліметтерді құжаттамадан қараңыз. |
Егер Қағаз конфигурациясы өшірілген болса, AirPrint пайдалану мүмкін емес. |
|
Салынған жад құр-н пайдалану мүмкін емес. Толығырақ мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз. |
Өнім қолдау көрсететін жад құрылғысын пайдаланыңыз. |
|
Басып шығару тоқтатылды, себебі ұзын қағаз басып шығарудың ортасында шығарылған болуы мүмкін.Қағаз ұзындығын 1300 мм ұзындығынан қысқа етіп орнатыңыз.Мәліметтерді құжаттамадан қараңыз. |
Басып шығару жоғары температураларға байланысты ұзақ уақыт алады және басып шығару барысында ұзын қағаз жартылай шығарылуы мүмкін.
|
|
Басып шығару тоқтатылды, себебі ұзын қағаз басып шығарудың ортасында шығарылған болуы мүмкін.Сапа параметрін Стандартты күйіне орнатыңыз.Мәліметтерді құжаттамадан қараңыз. |
Басып шығару басып шығару деректерінің үлкен көлеміне байланысты уақыт алады және басып шығару барысында ұзын қағаз жартылай шығарылуы мүмкін. Сапа параметрін Стандарт күйіне орнатыңыз. |
|
Принтердің жиексіз басып шығарушы сия сіңіретін төсемінің қызмет мерзімі бітті. Пайдаланушы оны өзі ауыстыра алмайды. Epson қолдау қызметіне хабарласыңыз. |
Жиексіз басып шығару штемпельдік жастықшаны ауыстыру үшін Epson компаниясына немесе уәкілетті Epson қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз*. Ол пайдаланушы тарапынан ауыстырылатын бөлшек емес. Жиексіз басып шығару мүмкіндігі қолжетімді емес, бірақ жиекпен басып шығаруға болады. |
|
Принтердің жиексіз басып шығарушы сия сіңіретін төсемінің қызмет мерзімі аяқталады. Пайдаланушы оны өзі ауыстыра алмайды. Epson қолдау қызметіне хабарласыңыз. |
Жиексіз басып шығару штемпельдік жастықшаны ауыстыру үшін Epson компаниясына немесе уәкілетті Epson қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз*. Ол пайдаланушы тарапынан ауыстырылатын бөлшек емес. Басып шығаруды жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз. |
|
Принтер қатесі Қуатты өшіріп-қосыңыз. Мәселе жойылмаса, "Жалғ-у" түймесін басыңыз. |
Келесі қадамдарды орындаңыз. 1. Сканерді ашыңыз және принтер ішіндегі бүкіл қағазды немесе қорғағыш материалды шығарыңыз. Егер мөлдір таспа ластанса, оны тазалаңыз. 2. Сканерді жауып, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Қуатты өшіріп және қайта қосқаннан кейін қате туралы хабар әлі көрсетілсе, Epson қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. |
|
Сақтау барысында қате орын алды. Тексеріңіз және қажет болса, жад құрылғысын ауыстырыңыз. |
Жад картасы сияқты сыртқы сақтау құрылғысы зақымдалуы мүмкін. Құрылғының қолжетімділігін тексеріңіз. |
|
Тасығышты тану мүмкін емес. Тасығыш туралы көбірек мәлімет алу үшін құжаттаманы қараңыз |
Өнім қолдау көрсететін жад құрылғысын пайдаланыңыз. |
|
Келесі қағазды XX науасына салдыңыз ба? |
Басып шығару параметрлерін тексеріңіз немесе қағаз кассетасында басып шығару параметрлеріне сәйкес келетін қағазды жүктеп, содан соң қағаз параметрлерін өзгертіңіз. Егер осы хабардың келесі ретте көрсетілуін қаламасаңыз Параметрлер > Бағыттау функциялары параметрін таңдап, содан кейін Қағаздың сәйкес келмеуі параметрін Өш. күйіне өзгертіңіз. |
|
Recovery Mode Update Firmware |
Принтер қалпына келтіру режимінде іске қосылды, себебі микробағдарлама жаңартуы сәтсіз аяқталды. Микробағдарламаны қайта жаңартып көру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Компьютер мен принтерді USB кабелімен жалғаңыз. (Қалпына келтіру режимі барысында, микробағдарламаны желі қосылымы бойынша жаңарта алмайсыз.) 2. Қосымша нұсқаулар алу үшін жергілікті Epson веб-сайтына өтіңіз. |
* Кейбір басып шығару айналымдарында шекарасыз басып шығаратын сия жастықшасына кішкене артылған сия мөлшері жиналуы мүмкін. Жастықшадан сияның ағуын болдырмау үшін өнім жастықшаның жарамдылық мерзімі аяқталған кезде шекарасыз басып шығаруды тоқтатады. Бұл әрекеттің қаншалықты жиі қажет болатыны жиексіз басып шығару опциясының көмегімен басып шығарылған беттер санына байланысты өзгереді. Жастықшаны ауыстыру қажеттілігі принтердің өз техникалық сипаттамаларына сәйкес жұмыс істемей қалғанын білдірмейді. Принтер жастықшаның қай кезде ауыстырылу керектігін білдіреді және мұны өкілетті Epson қызмет жеткізушісі ғана орындай алады. Бұл ауыстыру жұмысының құны Epson кепілдігіне кірмейді.