PIN кодын орнату (WPS) арқылы Wi-Fi реттеулерін жасау

PIN кодын пайдалану арқылы сымсыз маршрутизаторға автоматты түрде қосуға болады. Бұл әдісті сымсыз маршрутизаторда WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) бар болғанда орнату үшін пайдалана аласыз. Сымсыз маршрутизаторға PIN кодын енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.

  1. Негізгі экраннан түймесін түртіңіз.

  2. Wi-Fi (Ұсынылған) түймесін түртіңіз.

    Егер принтер Ethernet арқылы жалғанып қойса, Роутер түймесін түртіңіз.

  3. Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.

    Егер желі қосылымы бұрыннан орнатылған болса, қосылым мәліметтері көрсетіледі. Параметрлерді өзгерту үшін Параметрлерді өзг. түймесін түртіңіз.

    Принтер Ethernet арқылы жалғанып қойса, Wi-Fi қосылымына өзгеріс енгізіңіз. түймесін түртіп, хабарды растаған соң Иә түймесін түртіңіз.

  4. Басқалар > PIN Код орнату (WPS) түймесін түртіңіз.

  5. Принтердің басқару тақтасында көрсетілетін PIN кодын (сегіз цифрлық сан) сымсыз машрутизаторға екі минут ішінде енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.

    Ескертпе:

    PIN кодын енгізу туралы мәліметтер алу үшін, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.

  6. Принтердің басқару тақтасында Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.

  7. Жабу түймесін түртіңіз.

    Егер Жабу түймесін түртіңіз, көрсетілген уақыттан кейін экран автоматты түрде жабылады.

    Ескертпе:

    Егер қосылым сәтсіз аяқталса, сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосып, оны принтерге жақындатыңыз, содан соң әрекетті қайталаңыз. Егер ол әлі де жұмыс істемесе, қосылым есебін басып шығарып, шешімді тексеріңіз.

  8. Желі қосылымының параметрлері экранындағы Жабу түймесін түртіңіз.