> Принтерге техникалық қызмет көрсету > Басып шығару, көшіру және сканерлеу сапасын жақсарту > Қағаз жолын сия дағынан тазалау (басып шығару нәтижесінің арты ластанғанда)

Қағаз жолын сия дағынан тазалау (басып шығару нәтижесінің арты ластанғанда)

  1. түймесін басып, принтерді өшіріңіз.

  2. Егер қақпақ ашық болса, оны жабыңыз.

  3. Сканер бөлігін екі қолмен құлыпталғанша ашыңыз.

  4. Келесі суретте көрсетілген принтердің ішіндегі бөлшектерден сияны мақта тампонымен сүртіп алыңыз.

    Маңызды:
    • Принтер ішін тазалау үшін папирос қағазды пайдаланбаңыз. Басып шығару механизмінің шүмектері талшықтармен бітелуі мүмкін.

    • Келесі суретте көрсетілген бөлімді ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.

  5. Сканер бөлігін жабыңыз.

    Ескертпе:

    Сканер бөлігі саусақтарды қыспауы үшін баяу жабылып, әлсіз қарсылық жасайтындай етіп жасалған. Кедергіні сезсеңіз де жаба беріңіз.