> Ақаулықтарды шешу > Қағаз кептеліп қалады > Кептелген қағазды шығару

Кептелген қағазды шығару

Абайлаңыз:

Қолдарыңыз принтердің ішінде болған кезде басқару тақтасындағы түймелерді ешқашан баспаңыз. Егер принтер жұмыс істей бастаса, бұл жарақат алуды тудыруы мүмкін. Жарақатты болдырмау үшін, шығып тұрған жерлерге тимеңіз.

  1. Кептелген қағазды алыңыз.

  2. Басқару тақтасын көтеріңіз.

  3. Принтердің ішкі қақпағын ашыңыз.

  4. Сканер элементін орнына түспейінше ашыңыз.

    Абайлаңыз:

    Сканер элементін ашу немесе жабу кезінде қолыңыздың не саусақтарыңыздың қыстырылып қалмауына мұқият болыңыз. Кері жағдайда, жарақат алуыңыз мүмкін.

    Маңызды:

    Принтердің ішіндегі суретте көрсетілген бөлшектерді ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.

  5. Кептелген қағазды алыңыз.

    Маңызды:

    Принтердің ішіндегі суретте көрсетілген бөлшектерді ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.

  6. Сканер бөлігін жабыңыз.

    Қауіпсіздік үшін, сканер бөлігі екі қадаммен жабылады.

    Ескертпе:

    Төменде көрсетілген орыннан сканер бөлігін ашу мүмкін емес. Оны ашу алдында толық жабыңыз.

  7. Принтердің ішкі қақпағын жабыңыз.

  8. Басқару тақтасын жабыңыз.