> Көшіру > Түпнұсқаларды көшіру > Көшіруге арналған мәзір опциялары

Көшіруге арналған мәзір опциялары

Қолжетімді элементтер сіз таңдаған мәзірге байланысты өзгереді.

Төлқ.көш.:

Идентификатор картасының екі жағын сканерлейді және қағаздың бір жағына көшіреді.

Тығыздық:

Көшіру нәтижелері бұлдыр болса, тығыздық деңгейін арттырыңыз. Сия жағылса, тығыздық деңгейін азайтыңыз.

Қағ.прм.:

Жүктеген қағаз өлшемін және қағаз түрін таңдаңыз.

Кішірейту/ұлғайту:

Түпнұсқаларды үлкейтеді немесе кішірейтеді.

  • Нақты өлшемі

    100 % ұлғайтуда көшіреді.

  • Автоматты сәйкестендіру

    Сканерлеу аумағын анықтап, таңдаған қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін түпнұсқаны автоматты түрде ұлғайтады немесе кішірейтеді. Түпнұсқаның айналасында ақ жиектер болғанда сканер шынысының бұрыштық белгісінен алынған ақ түсті жиектер сканерлеу аумағы ретінде анықталады, бірақ қарсы беттегі жиектер қиылуы мүмкін.

  • Пайд.анықт.

    Түпнұсқаны үлкейту немесе кішірейту үшін үлкейтуді көрсету үшін таңдаңыз.

Пайдаланушы өлшемі:

25–400 % ауқымында түпнұсқаны үлкейту немесе азайту үшін пайдаланылатын үлкейтуді көрсетеді.

Түп.өлш.:

Түпнұсқаның өлшемін таңдаңыз. Стандартты емес өлшемдегі түпнұсқаларды көшіргенде түпнұсқаға жақын өлшемді таңдаңыз.

Көп бет.:
  • Бір бет

    Бір жақты түпнұсқаны бір бетке көшіреді.

  • 2-орн-у

    Бір жақты екі түпнұсқаны бір бетке 2-лік пішімде көшіреді.

Сапа:

Көшіру сапасын таңдаңыз. Үздік сапасын таңдау жоғары сапалы басып шығаруды қамтамасыз етеді, бірақ басып шығару жылдамдығы баяулауы мүмкін.