Принтерді теңшеу

Төменде сипатталғандай басқару тақтасындағы мәзірлерді таңдаңыз.

Параметрлер > Принтерді теңшеу

Қағаз көзінің парам.:
Қағаз параметрі:

Қағаз көзіне салған қағаз өлшемін және қағаз түрін таңдаңыз.

A4/Letter авт.ауыстыру:

Letter өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзі жоқ кезде қағазды A4 өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзінен беру үшін Қосу параметрін таңдаңыз немесе қағазды A4 өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзі жоқ кезде Letter өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзінен беріңіз.

Қате туралы ескерту:

Таңдалған қағаз өлшемі немесе түрі жүктелген қағазға сәйкес болмағанда қате туралы хабарын көрсету үшін Қосу параметрін таңдаңыз.

Қағ.орн.авт. көрсету:

Қағазды қағаз кассетасына жүктегенде, Қағаз параметрі экранын көрсету үшін Қосу параметрін таңдаңыз. Егер осы мүмкіндікті ажыратсаңыз, AirPrint мүмкіндігі арқылы iPhone, iPad немесе iPod құрылғысынан басып шығару мүмкін емес.

Тыныш режим:

Басып шығару барысында шуылды азайту үшін Қосу параметрін таңдаңыз, бірақ ол басып шығару жылдамдығын төмендетуі мүмкін.Таңдаған қағаз түрі мен басып шығару сапасының параметрлеріне байланысты принтердің шуыл деңгейінде өзгешелік болмауы мүмкін.

Қуатты өшіру таймері:

Сатып алынған жерге байланысты сіздің өніміңізде осы мүмкіндік немесе Қуатты өш. парам. мүмкіндігі болуы мүмкін.

Принтер көрсетілген уақыт аралығында пайдаланылмаған кезде, оны автоматты түрде өшіру үшін осы параметрді таңдаңыз. Қуатты басқару функциясын қолданбас бұрын уақытты реттей аласыз. Қандай да бір көбейту өнімнің энергияны тұтыну тиімділігіне әсер етеді. Қандай да бір өзгерту жасаудан бұрын қоршаған ортаға назар аударыңыз.

Қуатты өш. парам.:

Сатып алынған жерге байланысты сіздің өніміңізде осы мүмкіндік немесе Қуатты өшіру таймері мүмкіндігі болуы мүмкін.

  • Белсенді болмағанда қуатты өшіру

    Егер принтер көрсетілген уақыт аралығында пайдаланылмаса, оны автоматты түрде өшіру үшін осы параметрді таңдаңыз. Қандай да бір көбейту өнімнің энергияны тұтыну тиімділігіне әсер етеді. Қандай да бір өзгерту жасаудан бұрын қоршаған ортаға назар аударыңыз.

  • Ажырағанда қуатты өшіру

    Барлық порт, оның ішінде USB порты ажыратулы тұрғанда, көрсетілген мерзімнен кейін принтерді өшіру үшін осы параметрді таңдаңыз. Бұл мүмкіндік аймаққа байланысты қолжетімді емес болуы мүмкін.

    Белгіленген уақыт мерзімінде келесі веб-сайтты қараңыз.

    https://www.epson.eu/energy-consumption

Тіл/Language:

СКД экранында пайдаланылатын тілді таңдаңыз.

Пернетақта:

СКД экрандағы пернетақтаның орналасуын өзгертіңіз.

Ұйқы таймері:

Принтер ешқандай әрекетті орындамағанда ұйқы режиміне (қуатты үнемдеу режимі) ауысатын уақыт аралығын реттеңіз. Орнатылған уақыт өткеннен кейін СКД экраны өшеді.

Сия кебу уақыты:

2 жақты басып шығаруды орындағанда пайдалану қажет сияның кебу уақытын таңдаңыз.Принтер бір жағын басып шығарғаннан кейін екінші жағын басып шығарады.Егер басып шығарылған материал былғанса, уақыт параметрін арттырыңыз.

USB арқылы ДК қосылымы:

USB кабелі арқылы қосылғанда компьютерге принтерге кіруге рұқсат беру үшін Қосу параметрін таңдаңыз. Өшіру параметрі таңдалғанда осы желі қосылымы арқылы жіберілмеген басып шығару мен сканерлеуге шектеу қойылады.