Күшейтілген тазалау мүмкіндігін іске қосу (Mac OS)

  1. Жүйе параметрлері тармағын «Apple» мәзірі > Принтерлер және сканерлер (немесе Басып шығару және сканерлеу, Басып шығару және факс) тармағынан таңдаңыз, содан соң принтерді таңдаңыз.

  2. Параметрлер және жабдықтар > Бағдарлама > Принтер бағдарламасын ашу түймесін басыңыз.

  3. Күшейтілген тазалау түймесін басыңыз.

  4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    Ескертпе:

    Бұл функцияны іске қосу мүмкін болмаса, принтердің басқару тақтасында көрсетілетін проблемаларды шешіңіз. Содан соң осы мүмкіндікті қайта іске қосу үшін, осы процедураны 1-қадамнан бастап орындаңыз.