> Маңызды нұсқаулар > Принтердің ұсыныстары және ескертулері > Принтерді пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен ескертулер

Принтерді пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен ескертулер

  • Принтердегі ұяларға заттар салмаңыз.

  • Басып шығару барысында қолыңызды принтердің ішіне салмаңыз.

  • Принтердің ішіндегі ақ жалпақ кабельді ұстамаңыз.

  • Құрамында тез тұтанатын газы бар аэрозольді өнімдерді принтердің ішіне немесе айналасында қолданбаңыз. Солай жасау өртке себеп болуы мүмкін.

  • Егер нұсқаулық берілмесе, басып шығару механизмін қолмен қозғалтпаңыз, кері жағдайда принтерді зақымдауыңыз мүмкін.

  • Сканер құрылғысын жапқанда саусақтарыңызды қысып алмаңыз.

  • Түпнұсқаларды қойған кезде Сканер әйнегі үстіне қатты баспаңыз.

  • Егер сия ыдысы төменгі сызыққа дейін толтырылмаса, сияны жақын арада қайта толтырыңыз. Сия деңгейі ыдыстағы төменгі сызықтан төмен болған кезде принтерді үздіксіз пайдалану принтерді зақымдауы мүмкін.

  • Принтерді әрдайым түймесінің көмегімен өшіріңіз. Принтерді жарығының жыпылықтауы тоқтағанға дейін розеткадан ажыратпаңыз немесе қуатын өшірмеңіз.

  • Егер принтерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, қуат сымын электр розеткасынан ажыратып қойыңыз.