Принтерді сақтау қажет немесе оны жылжыту не жөндеу кезінде тасымалдау қажет кезде, принтерді орау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
түймесін басып, принтерді өшіріңіз.
Қуат шамының өшірілгенін тексеріңіз, қуат сымын ажыратыңыз.
Қуат шамы өшірілген кезде қуат сымын ажыратыңыз. Болмаса, басып шығару механизмі бастапқы орнына оралмай, сияның кебуіне әкеледі және басып шығару мүмкін емес болып кетуі мүмкін.
Қуат сымы және USB кабелі сияқты барлық кабельдерді ажыратыңыз.
Қағаздың барлығын принтерден алып тастаңыз.
Принтердің қақпағын ашыңыз. Басып шығару механизмін корпусқа лентамен бекітіңіз.

Принтердің қақпағын жабыңыз.

Принтерді төменде көрсетілгендей орауға дайындаңыз.

Қорғағыш материалдарды пайдаланып, принтерді өз қорабына қаптаңыз.
Принтерді сақтағанда немесе тасымалдағанда, оны еңкейтпеңіз, тігінен қоймаңыз немесе төңкермеңіз; әйтпесе, сия ағуы мүмкін.

Өнімді сақтау немесе тасымалдау кезінде, өнімнен сия картридждерін алмаңыз.
Принтерді қайтадан пайдаланғанда басып шығару механизмін бекітетін лентаны алыңыз. Егер басып шығару сапасы келесі рет басып шығару кезінде төмендесе, басып шығару механизмін тазалап, туралаңыз.