Жоғары сапада басып шығару нәтижелерін ұзақ уақыт сақтау үшін, келесі жағдайларды ескеріңіз.
Басып шығарылған бетін ысқыламаңыз немесе тырнамаңыз. Олар ысқыланса немесе тырналса, сия жайылуы мүмкін.
Басып шығарылған бетіне тимеңіз; әйтпесе сия жайылуы мүмкін.
Басып шығарылған қағаздарды дестелеуден бұрын, оларды кептіріңіз; тиген жерлерінде түсі өзгеруі мүмкін (белгілер қалуы мүмкін). Қағаздарды дереу ажыратып, кептірсеңіз, бұл белгілер жойылады; дегенмен бөліп қоймасаңыз белгілер жойылмайды.
Толық кеппейінше, оларды альбомға салсаңыз, бұлыңғырлануы мүмкін.
Басып шығарылған қағаздарды кептіру үшін, кептіргішті пайдаланбаңыз.
Тікелей күн сәулесін түсірмеңіз.
Қағаз нұсқаулығындағы нұсқауларды орындау арқылы басып шығарылған қағаздарды көрсету және сақтау кезінде түстерінің бұрмалануын болдырмаңыз.
Басып шығарылған қағаздардың түссізденуін болдырмау үшін, оларды қараңғы, жоғары температурадан және тікелей күн сәулесінен алыс жерде сақтаңыз.
Жарық әсері және ауадағы әртүрлі заттардың әсерінен әдетте басып шығарылған қағаздар мен фотосуреттер уақыт өте келе түсін жоғалтады (түссізденеді). Бұл Epson арнайы тасушыларына да қатысты. Дегенмен дұрыс сақтау әдісімен түссіздену деңгейін барынша азайтуға болады.
Қағазға басып шығарудан кейінгі күтім жасау туралы толық ақпаратты Epson арнайы тасушыларымен бірге берілетін нұсқауларды қараңыз.
Фотосуреттер, плакаттар және басқа да басып шығарылған материалдардың түстері әртүрлі жарықтандыру жағдайларында (жарық көздері*) әртүрлі көрінеді. Осы принтерде басып шығарылған қағаздар түстері де әртүрлі жарық көздерінде әртүрлі көрінуі мүмкін.
*Жарық көздеріне күн сәуле, флуоресцентті жарық, қызу жарығы және басқа да түрлері кіреді.