CD/DVD жүктеу

Принтердің басқару тақтасында көрсетілген анимацияларға қарап CD/DVD салуға болады.

Маңызды:
  • Науасы салынған күйінде принтерді қоспаңыз немесе өшірмеңіз. Бұл ақаулыққа себеп болуы мүмкін.

  • Науаны көлденең күйінде салыңыз. Науа қисайған болса немесе деформацияланған болса, ақаулық орын алуы мүмкін.

  • Басып шығару барысында келесі операцияларды орындасаңыз, қате орын алуы мүмкін.

    - Алдыңғы қағаз бергіш науаасын тартып шығарыңыз.

    - Плакат тақтасын салыңыз.

  • Принтермен бірге берілген диск науасын пайдаланыңыз. Басқа науаны пайдалану принтерге, науаға немесе дискіге зақым келтіруі мүмкін немесе принтердің ақаулығына себеп болуы мүмкін.

  • Диск науасын артқы жағынан енгізу жаңылысқа немесе қатеге себеп болуы мүмкін.

  1. Принтердің басқару тақтасында Paper Setting параметрін таңдаңыз.

  2. Disc Tray параметрін таңдаңыз.

  3. Экранда көрсетілген анимацияға қарап, алдыңғы қағаз бергіш науасын тартыңыз.

    Экранда көрсетілген анимацияларға қарап CD/DVD салуға болады.