Баннердің баспа деректерін қолданбада жасап, орнатсаңыз, баннерлер мен панорамалық суреттерді басып шығаруға болады. Құжаттарды дайындау, суреттерді өңдеу бағдарламалық жасақтамаларын және басқаларын пайдаланып басып шығару кезінде басып шығарғыңыз келетін өлшеммен бірдей ұзындық пен ендік қатынасы бар басып шығару деректерін жасаңыз.

Келесі басып шығару өлшемдері қолжетімді.
|
Ені |
SC-P900 Series: 431,8 мм SC-P700 Series: 330,2 мм |
|
Ұзындығы* |
Макс. 18 м |
*: Баннерді басып шығаруды қолдайтын қолданбаларды пайдаланған кезде қағаздың ұзындығы үлкенірек болады. Дегенмен, нақты басып шығару өлшемі қолданбаға, принтерге жүктелген қағаз өлшеміне және компьютер ортасына байланысты.
Принтер драйверіндегі Басты қойындысынан Тасушы түрі таңдаңыз.
Roll Paper тізімінен Көз таңдаңыз.
Пайдаланушы анықтайтын тармағын басып, қажет болса, қағаз өлшемін деректер өлшеміне сәйкестендіріп алыңыз.
Optimize Enlargement құсбелгісі Үлгі қойындысында орнатылғанын тексеріңіз.
Басқа параметрлерді тексеріп, басып шығаруды бастаңыз.