Қағаз беруді реттеу

Егер басып шығаруларда сызық немесе тегіссіздік байқалса және басып шығару механизмін тазалау көмектеспесе, осы мүмкіндікті пайдалану арқылы басып шығару сапасын жақсартуға болады.

  1. Принтерде реттеулерді жасау қажет қағазды салыңыз.

  2. Принтердің басқару тақтасында параметрін таңдаңыз.

  3. Maintenance > Paper Feed Adjust параметрін таңдаңыз.

  4. Үлгілерді басып шығару үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.

  5. Басып шығарылған үлгілерді тексеріп, - немесе + белгішелерін түрту арқылы аз бөлінген немесе қабаттасқан үлгілері бар үлгі нөмірін таңдаңыз.

    • Бөлінбеген немесе қабаттаспаған бірнеше үлгі болған кезде
      Бөлінбеген немесе қабаттаспаған үлгілерден ортаңғысын таңдаңыз.
      Мысалы, 4, 5 және 6 нөмірлі үлгілер бөлінбеген немесе қабаттаспаған кезде, №5 таңдаңыз.
    • Барлық үлгілер бөлінген немесе қабаттасқан кезде
      Басындағы және аяғындағы (№1 және №11) үлгілерді салыстырып, аз бөлінген немесе қабаттасқан үлгі нөмірін таңдаңыз.

    Үлгілерді қайта басып шығарыңыз. Бөлінбеген немесе қабаттаспаған үлгіні таңдағанша осы қадамдарды қайталаңыз.