> Басып шығару > Фотосуреттерді басып шығару > Epson Photo+ пайдалана отырып басып шығару

Epson Photo+ пайдалана отырып басып шығару

Epson Photo+ — қолмен түзету немесе пішімді реттеу мүмкіндігін бере отырып, автоматты түзету сияқтя оңай өңдеулер әрекеттерін орындайтын қолданба.

Epson Photo+ қолданбасын Epson веб-сайтынан орнатуыңызға болады.

Epson Photo+ артқы жарықты және нәзік тері түстерін автоматты түрде түзетіп, әдемі фотосуреттерді оңай басып шығару мүмкіндігін береді. Сонымен қатар автоматты түзетуді (PhotoEnhance) өшіруге болады.

Келесі төрт қадам негізгі операциялар болып табылады. Әр операция туралы мәліметтерді алу үшін, Epson Photo+ экранының жоғарғы оң жағындағы түймені басу арқылы анықтамаға кіріңіз. (Келесі үлгілерде пайдаланылатын скриншоттар Windows 10 жүйесінен алынған.)

  1. Қажеттіліктеріңізге сәйкес мәзірді таңдаңыз.

  2. Таңдалған мәзірге байланысты үлгі немесе қағаз өлшемін таңдаңыз.

  3. Басып шығарғыңыз келген фотосуретті таңдаңыз.

  4. Өңдеу және басып шығару.

    Келесі өңдеулерді орындауға болады.

    • Түсті түзету (жарықтығы, контрастылығы, қарқындылығы)
    • Пішімді реттеу
    • Экранға қосу/қиып алу
    • Енгізілетін мәтін
    • Белгілер қосу (пиктограммалар, смайликтер, LINE белгілерінің кейбір түрлері)