Принтер портын тексеру (тек Windows жүйесіне)

Windows жүйесінде, басып шығару үшін бірнеше басып шығару порттары арасында ауысуға болады. Қайсы басып шығару порты қолжетімді екендігін тексеріңіз. Келесі мысал Windows 10 жүйесіне арналған.

Маңызды:

Қате порт таңдаған кезде басып шығара алмайсыз. Ортаңызға қарай дұрыс портты таңдаңыз.

Мысалы, USBXXX таңдаған кезде желі арқылы басып шығарғыңыз келсе, басып шығару мүмкін болмайды.

  1. Бастау түймесін басыңыз, сонан соң Құрылғылар және принтерлер опциясын таңдаңыз.

  2. Принтер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Принтер сипаттары түймесін басыңыз.

  3. Қайсы басып шығару порты таңдалғанын тексеру үшін Порттар қойындысын таңдаңыз.

    Порт бағанында таңдалған басып шығару порттары қолжетімді болады. Порт түрін Сипаттама бөлімінен тексере аласыз.