Байланысты тексеру командасын пайдаланып байланысты тексеру — Windows

Компьютер принтерге қосылғанын тексеру үшін байланыс командасын пайдалануға болады.Байланыс командасы арқылы қосылымды тексеру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Тексергіңіз келген байланыс үшін принтердің IP мекенжайын тексеріңіз.

    Оны принтердің басқару тақтасындағы желі күйі экранынан, қосылым есебінен немесе желі күйі парағының IP Address бағанынан тексере аласыз.

  2. Компьютердің пәрменді енгізуге шақыру экранын көрсетіңіз.

    • Windows 10
      Бастау түймесін тінтуірдің оң жағымен басып тұрыңыз, содан соң Пәрменді енгізуге шақыру тармағын таңдаңыз.
    • Windows 8.1/Windows 8
      Бағдарлама экранын көрсетіңіз және Пәрменді енгізуге шақыру опциясын таңдаңыз.
    • Windows 7 немесе одан бұрынғы
      Бастау түймесін басыңыз, Барлық бағдарламалар немесе Бағдарламалар > Стандартты > Пәрменді енгізуге шақыру таңдаңыз.
  3. «ping xxx.xxx.xxx.xxx» енгізіп, Enter пернесін басыңыз.

    xxx.xxx.xxx.xxx үшін принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

  4. Байланыс күйін тексеріңіз.

    Егер принтер мен компьютер арасында байланыс орнатылса, келесі хабар көрсетіледі.

    Егер принтер мен компьютер арасында байланыс орнатылмаса, келесі хабар көрсетіледі.