Смарт құрылғыдан Epson iPrint мүмкіндігі арқылы қосу

Смарт құрылғыны Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct (қарапайым AP) желісіне қосылған принтерге қосыңыз. Принтерге арналған желі параметрлерін алдын ала конфигурациялаңыз.

Ескертпе:

OS нұсқасына немесе моделіне байланысты операциялық процедура әртүрлі болады. Пайдалану туралы нұсқауларды көру үшін, смарт құрылғымен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.

  1. Смарт құрылғының Параметрлер экранынан Wi-Fi түймесін түртіңіз.

    • Android
    • iOS
  2. Wi-Fi мүмкіндігін қосыңыз.

    • Android
    • iOS
  3. Смарт құрылғыда принтердің SSID идентификаторын таңдаңыз, содан соң құпия сөзді енгізіңіз.

    Ескертпе:

    Принтер қосылған SSID идентификаторын желі қосылымы есебін басып шығару арқылы тексере аласыз.

  4. Байланыс орнатылғаннан кейін, смарт құрылғының басты экранына оралыңыз.

  5. Смарт құрылғыда Epson iPrint қолданбасын іске қосыңыз.

    Егер Epson iPrint орнатылмаған болса, оны смарт құрылғыңызға келесі URL немесе QR коды арқылы орнатыңыз.

    http://ipr.to

  6. Printer is not selected. түймесін немесе экранның жоғарғы жағындағы принтер атауын түртіңіз.

  7. Printer опциясын түртіңіз.

  8. Қосылғыңыз келген принтердің атауын таңдаңыз.

    Егер байланыс сәтті орнатылса, қалған сия/тонер деңгейлері көрсетіледі.