Факс жібермей тұрып телефон арқылы сөйлескіңіз келсе немесе алушының факс құрылғысы факсқа автоматты қосылмаса, факсты қосылған телефонды теру арқылы жіберуге болады.
Қосылған телефон тұтқасын көтеріп, телефон арқылы алушының факс нөмірін теріңіз.
Алушы телефонға жауап бергенде, алушымен сөйлесуге болады.
Негізгі экраннан Факс таңдаңыз.
Элементті таңдау үшін
түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.
Факс параметрлері бөлімінде қажетті реттеулерді жасаңыз.
Факс үні шыққан кезде
түймесін басып, тұтқасын көтеріңіз.
Нөмірді қосылған телефон арқылы терген кезде факсты жіберу ұзағырақ уақыт алады, себебі принтер сканерлеу мен жіберуді бір мезгілде орындайды. Факс жіберу кезінде басқа мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.