PBX телефон жүйесі үшін параметрлер орнату

Принтерді қосымша нөмірлерді пайдаланатын және сыртқы желі үшін 0 және 9 сияқты сыртқы кіру кодтарын сұрайтын кеңселерде пайдаланған кезде келесі параметрлерді орындаңыз.

  1. Принтердің басқару тақтасында Параметрлер параметрін таңдаңыз.

    Элементті таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз, бұдан кейін OK түймесін басыңыз.

  2. Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Нег.параметрлер параметрін таңдаңыз.

  3. Желі түрі опциясын таңдаңыз, содан соң PBX опциясын таңдаңыз.

  4. Факсты сыртқы факс нөміріне нақты сыртқы кіру кодының орнына # (тор) белгішесі арқылы жібергенде, мұны Пайда лану параметріне қолдану үшін Қатынас коды ұяшығына белгі қойыңыз.

    Нөмір тергенде нақты кіру кодының орнына енгізілген # белгішесі сақталған кіру кодына ауысады. # пайдалану сыртқы желіге қосылған кезде қосылым мәселелерінің алдын алуға көмектеседі.

    Ескертпе:

    Контактілер бөліміндегі 0 және 9 сияқты сыртқы кіру кодтары бар алушыларға факстарды жіберу мүмкін емес.

    0 және 9 сияқты сыртқы кіру коды арқылы Контактілер бөлімінде алушыларды тіркесеңіз, Қатынас коды параметрін Пайд. баңыз күйіне орнатыңыз. Не болмаса, Контактілер бөлімінде кодты # белгісіне ауыстыру қажет.

  5. Қатынас коды кіріс ұяшығын таңдап, телефоныңыздың жүйесі үшін пайдаланылатын сыртқы кіру кодын енгізіп, OK параметрін таңдаңыз.

    Кіру коды принтерде сақталады.