Қызмет көрсету қойындысы

Басып шығару механизмі саңылауын тексеру:

Басып шығару механизмінің шүмектері бітелмегенін тексеру үшін шүмекті тексеру үлгісін басып шығарады.

Басып шығару механизмін тазарту:

Басып шығару механизміндегі бітелген шүмектерді тазалайды. Бұл мүмкіндік сияны пайдаланатындықтан, басып шығару механизмін шүмектер бітелгенде ғана тазалаңыз. Саңылау тексеру үлгісін басып шығарыңыз, содан соң Тазалау параметрін таңдаңыз.

Тапсырмаларды оңай реттеуіші:

Тапсырмаларды оңай реттеуіші терезесін ашады. Мұнда алдында сақталған деректерді ашып, өңдеуге болады.

EPSON Status Monitor 3:

EPSON Status Monitor 3 терезесін ашады. Бұл жерде принтер мен тұтынылатын материалдардың күйін тексеруге болады.

Басқарылатын теңшелімдер:

EPSON Status Monitor 3 терезесіндегі элементтерге арналған реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.

Кеңейтілген параметрлер:

Әртүрлі реттеулерді жасауға мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтер алу мақсатында Анықтама бөлімін қарау үшін әрбір элементке тінтуірдің оң жағын басыңыз.

Бас. шығ-у кезегі:

Басып шығарылу кезегінде тұрған тапсырмаларды көрсетеді. Басып шығару тапсырмаларын тексеруге, кідіртуге немесе жалғастыруға болады.

Тіл:

Принтер драйверінің терезесінде пайдаланылатын тілді өзгертеді. Параметрлерді қолдану үшін принтер драйверін жауып, оны қайта ашыңыз.

Бағдарламаны жаңарту:

Интернетте қолданбалардың соңғы нұсқаларын тексеру үшін EPSON Software Updater мүмкіндігін іске қосыңыз.

Онлайн тапс-с:

Epson компаниясының сия картридждерін сатып алуға болатын веб-сайтқа кіруге мүмкіндік береді.

Техникалық қолдау:

Егер нұсқаулық компьютерге орнатылса, нұсқаулық көрсетіледі. Егер ол орнатылмаса, нұсқаулық пен қолжетімді техникалық қолдауды тексеру үшін Epson веб-сайтына жалғауға болады.