Қызмет көрсету

Төменде сипатталғандай басқару тақтасындағы мәзірлерді таңдаңыз.

Параметрлер > Қызмет көрсету

Басып шығару сапасын реттеу:

Басып шығаруларға қатысты қандай да бір проблемалар болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз. Бітелген саңылауларды тексеруге және қажет болса, басып шығару механизмін тазалауға, содан соң басып шығару сапасын жақсарту үшін кейбір параметрлерді реттеуге болады.

Басып шығару басы саңл. тексеру:

Басып шығару механизмінің саңылаулары бітелсе, тексеру үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.Принтер саңылауды тексеру үлгісін басып шығарады.

Басып шығару басын тазалау:

Басып шығару механизміндегі бітелген саңылауларды тазалау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.

Басып шығару механизмін туралау:

Басып шығару сапасын жақсарту мақсатында басып шығару механизмін реттеу үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.

  • Шектік сызықты туралау

    Тік сызықтарды туралау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.

  • Көлденеңінен туралау

    Егер көлденең жолақтар басып шығарулардағы бірдей аралықтарда көрсетілсе, осы мүмкіндікті таңдаңыз.

Сия картридждерін ауыстыру:

Бұл мүмкіндікті сия таусылмай тұрып сия картриджін ауыстыру үшін пайдаланыңыз.

Қағаз бағ. тазарту:

Егер ішкі роликтерде сия дақтары болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз.Ішкі роликтерді тазалау үшін принтер қағазды береді.

Қағазды алу:

Кептелген қағазды алғаннан кейін де принтердің ішінде қағаздың жыртылған бөліктері қалып қойған болса, осы мүмкіндік таңдаңыз.Жыртылған қағаз бөліктерін оңай алып тастау үшін принтер басып шығару механизмі мен қағаз бетінің арасындағы үлкен орын қалдырады.