Бұлтқа сканерлеуге арналған негізгі мәзір опциялары
Ескертпе:
Жасаған басқа реттеулерге байланысты элементтер қолжетімді болмауы мүмкін.
Скан. айма.:
Сканерлеу аймағын таңдаңыз. Сканерлеу барысында мәтіннің немесе кескіннің айналасынан ақ бос орынды қиып алу үшін Автоматты түрде кесу параметрін таңдаңыз. Сканер әйнегінің ең көп аумағын сканерлеу үшін Максималды аймақ параметрін таңдаңыз.
Бағдар (түпн.):
Түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
Ақ ж/е қара/Түс
Монохромды немесе түсті етіп сканерлеуді таңдаңыз.
Файл пішімі:
Сканерленген кескінді сақтайтын пішімді таңдаңыз.
PDF параметрін файл пішімі ретінде таңдағанда, барлық түпнұсаны бір файл (көп бетті) немесе әр түпнұсқаны бөлек (бір бет) сақтауды таңдаңыз.