Жасаған басқа реттеулерге байланысты элементтер қолжетімді болмауы мүмкін.
Үлкейту немесе кішірейтуді ұлғайту коэффициентін конфигурациялайды. Мәнді түртіп, 25 – 400% ауқымында түпнұсқаны үлкейту немесе азайту үшін пайдаланылатын үлкейтуді көрсетіңіз.
Авто
Түпнұсқа өлшемді қағаз өлшеміне сәйкес автоматты түрде арттыру немесе азайту. Мысалы, түпнұсқаны A6 өлшеміне, ал қағазды A4 өлшеміне орнатсаңыз, ұлғайту әрекеті автоматты түрде 200% мәніне реттеледі.
Түпнұсқаның айналасында ақ жиектер болғанда сканер шынысының бұрыштық белгісінен (
) алынған ақ түсті жиектер сканерлеу аумағы ретінде анықталады, бірақ қарсы беттегі жиектер қиылуы мүмкін.

Қағ. сыйғызу үшін кі-у
Қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін сканерленген кескінді Масштабт. мәнінен кішірек өлшемге көшіреді. Егер Масштабт. мәні қағаз өлшемінен үлкенірек болса, деректер қағаздың шеттерінен асып басып шығарылуы мүмкін.
Нақты көлем
100 % ұлғайтуда көшіреді.
A3→A4 және басқалары
Белгілі бір қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін түпнұсқаны автоматты үлкейтеді немесе кішірейтеді.
Түпнұсқаның өлшемін таңдаңыз. Стандартты емес өлшемдегі түпнұсқаларды көшіргенде түпнұсқаға жақын өлшемді таңдаңыз.
Көшіру орнын таңдаңыз.
Бір бет
Бір жақты түпнұсқаны бір бетке көшіреді.
2-орн-у
Бір жақты екі түпнұсқаны бір бетке 2-лік пішімде көшіреді. Орналасу ретін және түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
4-орн-у
Бір жақты төрт түпнұсқаны бір бетке 4-тік пішімде көшіреді. Орналасу ретін және түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
Түпнұсқаңыздың түрін таңдаңыз. Түпнұсқа түріне сәйкес келу үшін оңтайлы сапада көшіреді.
Бірнеше түпнұсқалардан бірнеше көшірмелердің қағазын шығару әдісін таңдаңыз.
Топ (бірд. беттер)
Түпнұсқаларды бет бойынша топ ретінде көшіреді.

Іріктеу (бет ретт.)
Ретке жиналған және жинақтарға сақталған түпнұсқаларды көшіреді.

Кітапшаның екі көрініп тұрған беттерін қағаздың бөлек парақтарына көшіреді.
Сканерленетін буклеттің бетін таңдаңыз.
Кескін параметрлерін реттеңіз.
Контраст
Жарық және күңгірт бөлшектердің арасындағы айырмашылықты реттеңіз.
Қанықтық
Түстердің қанықтығын реттеңіз.
Қызыл түс тепе-теңдігі, Жасыл түс тепе-теңдігі, Көк түстің тепе-теңдігі
Әрбір түстің тығыздығын реттеңіз.
Анықтық
Кескіннің контурын реттеңіз.
Реңкті реттеу
Терінің түс реңкін реттеңіз. Оның түсін салқын ету (жасыл түсті арттыру) үшін «+» түймесін түртіңіз және оның түсін жылы ету (қызыл түсті арттыру) үшін «-» түймесін басыңыз.
Фонды жою
Фон түсінің тығыздығын реттеңіз. Оның түсін жарық (ақ) ету үшін «+» түймесін түртіңіз және оның түсін күңгірт (қара) ету үшін «-» түймесін басыңыз.
Қағаз өлшеміне сәйкестендіру үшін сканерленген кескінді Масштабт. мәнінен кішірек өлшемге көшіреді. Егер Масштабт. мәні қағаз өлшемінен үлкенірек болса, деректер қағаздың шеттерінен асып басып шығарылуы мүмкін.
Қалың қағазды көшіргенде көшірмелердің айналасында пайда болатын немесе буклетті көшіргенде көшірмелердің ортасында пайда болатын көлеңкелерді жояды.