Қауіпсіздік параметрлері

Мәзірді төмендегі принтердің басқару тақтасынан табуға болады.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Қауіпсіздік параметрлері

Ескертпе:
  • Web Config экранында төмендегі мәзірді табуға болады.

    Fax қойындысы > Security Settings

  • Егер құпия сөз енгізу экраны көрсетілсе, құпия сөзді енгізіңіз.

Нөм.тік.теру б-ша шект.:

Қосу параметрін таңдаған жағдайда, оператор қабылдаушылардың факс нөмірлерін қолмен енгізуге қабілетсіз болады, мұндайда оператор қабылдаушыларды тек контактілер тізімінен немесе жіберілгендер журналынан ғана таңдай алады.

Екі рет енгізу параметрін таңдаған жағдайда, нөмір қолмен енгізілгенде, операторға факс нөмірін енгізу талап етіледі.

Өш. параметрін таңдаған жағдайда, алушының факс нөмірлерін қолмен енгізуге болады.

Таратылым шектеулері:

Қосу параметрін таңдау арқылы «Алушы» ретінде бір ғана факс нөмірін енгізуге болады.

Мекенжай тізімін растау:

Қосу параметрін таңдаған жағдайда, құжатты жіберерден бұрын алушының растау экраны көрсетіледі.

Барлығы немесе Тек таратылым үшін бөлімінен алушыларды таңдауға болады.

Дер.рез.көш.авт.өшіру:

Қосу параметрін таңдаған жағдайда, құжатты жіберу немесе қабылдау сәтті аяқталып, сақтық көшірмелер бұдан былай қажет емес болған кезде, сақтық көшірмелер автоматты түрде өшіріледі.

Өш. таңдаған жағдайда, электр ақаулығына немесе дұрыс емес жұмыс істеуіне байланысты қуаттың кенет өшуіне дайындалу үшін жіберілген және алынған құжаттардың сақтық көшірмелері жадта уақытша сақталады.

Резервтік деректерді жою:

Принтер жадында уақытша сақталған барлық сақтық көшірмелерді өшіреді. Бұл мүмкіндікті принтерді біреуге беруден немесе жоюдан бұрын іске қосыңыз.

Бұл мәзір Web Config экранында көрсетілмейді.