Пайдаланылмайтын кезде қуат үнемдеу параметрлері

Белгіленген уақыт ішінде принтердің басқару тақтасы жұмыс істемеген жағдайда қуатты үнемдеу режиміне ауысу немесе қуатты өшіру уақытын орнатуға болады. Уақытты пайдалану ортаңызға байланысты орнатыңыз.

  1. Web Config параметріне кіріп, Device Management қойындысын > Power Saving тармағын таңдаңыз.

  2. Пайдаланылмаған кезде қуат үнемдеуге ауысу үшін Sleep Timer уақытын енгізіңіз.

    Ескертпе:

    Сондай-ақ принтердің басқару тақтасынан реттеуге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Нег.параметрлер > Ұйқы таймері

  3. Сатып алу орнына байланысты Power Off Timer не Power Off If Inactive үшін өшіру уақытын таңдаңы. Егер факс функциясы пайдаланылса, сатып алу орнына байланысты None не Off мәніне орнатыңыз.

    Ескертпе:

    Сондай-ақ принтердің басқару тақтасынан реттеуге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Нег.параметрлер > Өшіру таймері не Қуатты өш. парам.

  4. OK түймесін басыңыз.