> Факс жіберу (тек факсы бар принтерлерге арналған) > Принтерде факстарды қабылдау > Принтердің СКД экранында алынған факстарды көру

Принтердің СКД экранында алынған факстарды көру

Принтердің экранында алынған факстарды көру үшін принтердегі реттеулерді алдын ала жасау қажет.

Факстарды алу үшін сақтау реттеулерін жасау

  1. Негізгі экраннан Факс қорабы таңдаңыз.

    Ескертпе:

    Қабылданған факстар арасында оқылмағандар бар болса, оқылмаған құжаттар саны басты экранның белгішесінде көрсетіледі.

  2. Кіріс қалта /Құпия параметрін таңдаңыз.

  3. Көру қажет кіріс жәшігін немесе құпия жәшігін таңдаңыз.

  4. Егер кіріс жәшігі немесе құпия жәшігі құпия сөзбен қорғалса, кіріс жәшігінің құпия сөзін, құпия жәшігінің құпия сөзін немесе әкімшінің сөзін енгізіңіз.

  5. Көру қажет факсты таңдаңыз.

    Құжат дисплейін нобайлар мен тізімдер арасында ауыстыруға болады.

  6. Алдын ала көру параметрін таңдаңыз.

    Факс мазмұны көрсетіледі.

    Бет туралы мәліметтерді көру үшін бетті таңдаңыз, содан соң беттің алдын ала көру экранын көрсету мақсатында параметрін таңдаңыз.

    • : кескінді оңға қарай 90 градусқа бұрады.
    • : экранды көрсеткілердің бағытымен жылжытады.
    • : кішірейтеді немесе үлкейтеді.
    • : алдыңғы немесе келесі бетке ауыстырады.
    • Әрекет белгілерін жасыру үшін сол белгілерден басқа алдын ала қарау экранының кез келген жерін түртіңіз. Белгішелерді көрсету үшін қайта түртіңіз.
  7. Көрген құжатты басып шығаруды не жоюы таңдаңыз да, экрандық нұсқауларды орындаңыз.

    Маңызды:

    Принтердің жады толып кетсе, факстарды қабылдау және жіберу өшіріледі. Оқылған немесе басып шығарылған құжаттарды жойыңыз.