> Құжат туралы ақпарат > Қаріп сипаттамалары > Epson BarCode Fonts (тек Windows) > Штрих-кодтарды енгізу және форматтау туралы ескертулер

Штрих-кодтарды енгізу және форматтау туралы ескертулер

Штрих-код таңбаларын енгізу және форматтау кезінде келесілерді ескеріңіз:

  • Көлеңкелеу немесе көлбеу немесе астын сызу сияқты арнайы форматты қолданбаңыз.

  • Штрих-кодтарды тек ақ-қара етіп басып шығарыңыз.

  • Таңбаларды бұру кезінде тек 90˚, 180˚ және 270˚ бұрыштарын көрсетіңіз.

  • Бағдарламадағы барлық автоматты таңбалар мен сөздердің арасындағы бос орындар параметрлерін өшіріңіз.

  • Бағдарламада таңбалардың өлшемін тек тік немесе көлденең бағытта үлкейтетін немесе азайтатын функцияларды пайдаланбаңыз.

  • Бағдарламаның емле, грамматика, бос орын қою және т.с.с. бойынша автоматты түзету мүмкіндіктерін өшіріңіз.

  • Штрих-кодтарды құжаттағы басқа мәтіннен оңай ажырату үшін бағдарламаны азат жол белгілері, қойындылар және т.б. сияқты мәтіндік белгілерді көрсететін етіп орнатыңыз.

  • Epson BarCode Font таңдалған кезде, Бастау және Тоқтату жолағы сияқты арнайы таңбалар енгізілетіндіктен, алынған штрих-кодта бастапқы енгізілгенге қарағанда көбірек таңба болуы мүмкін.

  • Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін «Epson BarCode Font сипаттамаларында» (қолданыстағы Epson BarCode Font үшін) көрсетілген қарып өлшемдерін пайдалана аласыз. Басқа өлшемді штрих-кодтарды барлық штрих-колд оқу құралары оқи алмауы мүмкін.

  • Сұр реңк тармағын Принтер параметрлері ішінен және Стандартты немесе Жоғары тармағын Сапасы ішінен таңдаңыз.

Ескертпе:

Баспа тығыздығына, қағаздың сапасына немесе түсіне байланысты штрих-кодтарды барлық штрих-кодты оқу құралдары оқи алмайды. Үлгіні басып шығарыңыз және штрих-кодтарды оқуға болатынын үлкен көлемде басып шығармас бұрын тексеріңіз.