АҚБ құралын тазалау

АҚБ құралынан көшірілген немесе сканерленген кескіндер айғыздалса немесе түпнұсқалар АҚБ құралына дұрыс салынбаса, АҚБ құралын тазалаңыз.

Маңызды:

Принтерді тазалау үшін ешқашанда спирт немесе еріткіш қолданбаңыз. Бұл химиялық құралдар принтерді зақымдауы мүмкін.

  1. АҚБ қақпағын ашыңыз.

  2. Роликті және АҚБ құралының ішкі жағын тазалау үшін жұмсақ, ылғалды шүберекті пайдаланыңыз.

    Маңызды:
    • Құрғақ шүберекті пайдалансаңыз, роликтің бетін зақымдауы мүмкін.

    • Ролик кепкеннен кейін АҚБ құрылғысын пайдаланыңыз.

  3. АҚБ қақпағын жабыңыз.

    Сырт еткенше тұтқаны басып тұрыңыз.

  4. Құжат қабын ашыңыз.

  5. Тазалағыш шүберек ұстағыштан тазалағыш шүберекті алыңыз.

  6. Суретте көрсетілетін бөлікті тазалау үшін тазағыш шүберекті пайдаланыңыз.

    Маңызды:
    • Егер әйнектің беті майланса немесе кетіру қиын қатты материал болса, оны кетіру үшін аздап әйнек тазартқыш құралы мен жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Барлық қалған сұйықтықты сүртіп алыңыз.

    • Шыны бетті қатты басуға болмайды.

    • Шыны бетіне сызат түспеуіне немесе зақымданбауына мұқият болыңыз. Зақымдалған әйнек беті сканерлеу сапасын төмендетеді.

  7. Тазалағыш шүберек ұстағышқа тазалағыш шүберекті қайта қойыңыз.

  8. Құжат қабын жабыңыз.