> Басқару тақтасы нұсқаулығы > Мәзір экраны конфигурациясы

Мәзір экраны конфигурациясы

Алдыңғы экранға қайтарады.

Қойындыларды пайдаланып, параметрлер тізімін ауыстырады. Нег.параметрлер қойындысында жиі пайдаланылатын элементтер көрсетіледі. Қосымша қойындысында қажетінше реттеуге болатын басқа элементтер көрсетіледі.

Реттелетін элементтердің тізімін көрсетеді. белгішесі көрсетілгенде, белгішені таңдау арқылы қосымша ақпаратты көруге болады. Элементті таңдау немесе ұяшыққа белгі қою арқылы реттеулер жасаңыз. Пайдаланушының әдепкі немесе зауыттық әдепкі параметрінен элементті өзгерткенде, элементте белгішесі көрсетіледі.

Сұр түсті элементтер қолжетімді емес. Элементтің неліктен қолжетімді емес екенін тексеру үшін оны таңдаңыз.

Егер қандай да бір проблемалар пайда болса, бөлімде белгішесі көрсетіледі. Проблеманы шешу әдісін тексеру үшін белгішені таңдаңыз.

Ағымдағы параметрлер арқылы операцияларды бастайды. Элементтер мәзірге байланысты әртүрлі болады.

АлдПарам

Алдын ала орнатылған тізімін көрсетеді. Ағымдағы параметрді алдын ала орнатылған параметр ретінде тіркеуге немесе тіркелген алдын ала оратылған параметрлерді жүктеуге болады.

Көшірме

Көшірмелердің санын енгізуге мүмкіндік беретін экрандық пернетақтаны көрсетеді.

Қайта орнату

Орындаған өзгертулерден бас тарту үшін түртіп, бастапқы параметрлерге оралыңыз.

А.қ.шығу

Басып шығару, көшіру, сканерлеу немесе факстарды жіберу алдында кескіннің алдын ала қарауын көрсетеді.

Басып шығаруды, көшіруді, сканерлеуді немесе факстар жіберуді бастайды.