Түпнұсқаларды бірінің үстіне бірін қойып немесе түпнұсқаларды өлшемдері бойынша АҚБ үстіне қойып, факстар жіберу арқылы оларды A3, B4 немесе A4 сияқты бастапқы өлшемдерінде бір құжат ретінде жіберуге болады.
Үзд. сканерлеу(ADF) функциясы қосылмаған болса да, келесі шарттардың барлығы орындалған жағдайда түпнұсқа өлшемдерді жібере аласыз.
- Аралас құжаттарда тек альбомдық A3 және портреттік A4 өлшеміндегі түпнұсқалар бар.
- Автоматты түрде аудару параметрі Қосу ретінде орнатылған (әдепкіше — Қосу)
-Тікелей жіберу параметрі Өш. ретінде орнатылған (әдепкіше — Өш.)
Егер АҚБ-ға түрлі өлшемдегі түпнұсқаларды араластырып салсаңыз, түпнұсқалар олардың ішіндегі ең кең парақтың енімен және әр түпнұсқаның ұзындығымен жіберіледі.
Бірдей өлшемдегі түпнұсқалардың бірінші бумасын қойыңыз.
Негізгі экраннан Факс параметрін таңдаңыз.
Алушыны көрсетіңіз.
Факс параметрлері қойындысын таңдап, оны Қосу күйіне орнату үшін Үзд. сканерлеу(ADF) түймесін түртіңіз.
Сондай-ақ, ажыратымдылық пен жіберу әдісі сияқты параметрлерді қажетінше жасаңыз.
түймесін (Жіберу) түртіңіз.
Түпнұсқалардың бірінші жиынтығын сканерлеу аяқталғанда және түпнұсқалардың келесі жиынтығын сканерлеуді сұрайтын хабар басқару тақтасында көрсетілгенде, келесі түпнұсқаларды орнатыңыз, содан соң Сканерлеуді баст. параметрін таңдаңыз.
Егер келесі түпнұсқаларды салу сұралғаннан кейін принтер Келесі түпнұсқа үшін күту уақыты бөлімінде орнатылған уақыт бойы әрекетсіз тұрса, принтер құжатты сақтауды тоқтатып, оны жіберуді бастайды.