Егер принтер HTTPS серверінің мүмкіндігін қолдаса, байланыстарды шифрлау үшін SSL/TLS байланысын пайдалануға болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрып, Web Config арқылы принтерді конфигурациялауға және басқаруға болады.
Шифрлау күші мен қайта бағыттау мүмкіндігін конфигурациялаңыз.
Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.
Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.
Келесі ретпен таңдаңыз.
Network Security қойындысы > SSL/TLS > Basic
Әр элемент үшін мәнді таңдаңыз.
Next түймесін басыңыз.
Растау хабары көрсетіледі.
OK түймесін басыңыз.
Принтер жаңартылды.