Тапсырмаларды оңай реттеуіші терезесін ашады. Мұнда алдында сақталған деректерді ашып, өңдеуге болады.
EPSON Status Monitor 3 терезесін ашады. Бұл жерде принтер мен тұтынылатын материалдардың күйін тексеруге болады. Осы мүмкіндікті қосу үшін EPSON Status Monitor 3 құралын орнату қажет. Оны Epson веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
EPSON Status Monitor 3 терезесіндегі элементтерге арналған реттеулерді жасауға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті қосу үшін EPSON Status Monitor 3 құралын орнату қажет. Оны Epson веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
Әртүрлі реттеулерді жасауға мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтер алу мақсатында Анықтама бөлімін қарау үшін әрбір элементке тінтуірдің оң жағын басыңыз.
Басып шығарылу кезегінде тұрған тапсырмаларды көрсетеді. Басып шығару тапсырмаларын тексеруге, кідіртуге немесе жалғастыруға болады.
Принтерге немесе ADF құрылғысына берілетін қағаз парақтарының санын көрсетеді.
Принтер драйверінің терезесінде пайдаланылатын тілді өзгертеді. Параметрлерді қолдану үшін принтер драйверін жауып, оны қайта ашыңыз.