Сатылымда бар бағдарламаның Басып шығару мәзірінен факсқа үйлесімді принтерді таңдау арқылы жасалған құжаттар, суреттер және кестелер сияқты деректерді жіберуге болады.
Келесі түсіндірмеде Text Edit, стандартты Mac OS бағдарламасы мысал ретінде қолданылады.
Бағдарламадан факс арқылы жіберу қажет құжатты жасаңыз.
Мұқаба бетті қоса, 100 монохромды бетті немесе 100 түрлі-түсті бетті 2 ГБ дейін көлемде факспен жіберуіңізге болады.
Файл мәзірінен Басып шығару түймесін басыңыз.
Бағдарламаның Басып шығару терезесі көрсетіледі.
Егжей-тегжейлі параметрлерді көрсету үшін, Атау ішінен принтерді (факс атауын) таңдап,
түймесін басыңыз, басып шығару параметрлерін тексеріп, OK түймесін басыңыз.
Әрбір элементке реттеу жасаңыз.
Көшірмелер саны бөлімінде 1 мәнін көрсетіңіз. 2 немесе одан үлкен сан көрсетілгеннің өзінде 1 ғана көшірме жіберіледі.
Жіберуге болатын құжаттардың бет өлшемі принтерден факс арқылы жіберуге болатын парақ өлшемімен бірдей.
Ашылмалы мәзірден Fax Settings таңдап, әр элемент үшін реттеулер жасаңыз.
Әр параметр элементіне түсіндірмелер алу үшін, PC-FAX драйверінің анықтамасын қараңыз.
PC-FAX драйверінің анықтамасын ашу үшін, терезенің төменгі сол жағынан
түймесін басыңыз.
Recipient Settings мәзірін таңдап, алушыны көрсетуге болады.
түймесін басыңыз. Алушы терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетілетін Recipient List тізіміне қосылады.
түймесін басқан кезде сол санды қайта енгізуіңіз қажет.
Егер принтердің Желі түрі параметрі PBX күйіне орнатылса, кіру коды префикстік кодты енгізудің орнына # (тор) белгісін пайдалануға орнатылса, # (тор) белгісін енгізіңіз. Мәліметтерді төмендегі қатысты ақпараттың Нег.параметрлер бөліміндегі Желі түрі тармағынан қараңыз.
түймесін басыңыз. Тізімнен алушыны таңдап, Add > OK тармағын басыңыз.
Егер принтердің Желі түрі параметрі PBX күйіне орнатылса, кіру коды префикстік кодты енгізудің орнына # (тор) белгісін пайдалануға орнатылса, # (тор) белгісін енгізіңіз. Мәліметтерді төмендегі қатысты ақпараттың Нег.параметрлер бөліміндегі Желі түрі тармағынан қараңыз.
Алушы параметрлерін тексеріп, Fax түймесін басыңыз.
Жіберу басталады.
Тасымалдаудың алдында алушының аты және факс нөмірі дұрыс екенін тексеріңіз.
Dock тармағында принтер белгішесін бассаңыз, жіберу күйін тексеру терезесі көрсетіледі. Жіберуді тоқтату үшін, деректерді басып, Delete түймесін басыңыз.
Жіберу кезінде қате пайда болса, Sending failed хабары көрсетіледі. Fax Transmission Record терезесінен жіберу жазбаларын тексеріңіз.
Қағаз өлшемі аралас құжаттар дұрыс жіберілмеуі мүмкін.