> Сақтау құралын пайдалану > Қалталар жасау

Қалталар жасау

Әкімші немесе пайдаланушы ортақ қалта жасай алады. Алайда пайдаланушылар Параметрлер > Жалпы параметрлер > Сақтау параметрлері > Ортақ қалтаның кіру рұқсатын басқару > Кіру параметрі Рұқсат етілген ретінде және Операция рұқсаты параметрі Пайдаланушы ретінде қойылған кезде ғана ортақ қалталар жасай алады.

Пайдаланушы Жеке қалта жасай алмайды.

  1. Принтердің басқару тақтасында Қойма параметрін таңдаңыз.

  2. параметрін таңдаңыз.

  3. Сақтау параметрлері терезесіндегі әр элементті реттеңіз.

    • Қалта нөмірі: қолданылмаған сандар автоматты түрде тағайындалады.
    • Қалта атауы (қажет): 30 әріптен аспайтын кез келген атау енгізіңіз. Бұрыннан бар атау енгізуге болады.
    • Қалта құпия сөзі: қалтаны құпиясөзбен қорғауды орнатыңыз. Құпиясөз орнатқан кезде, қалтаға файлдарды сақтағанда, қалтадағы файлдарды көргенде немесе қалтамен жұмыс істегенде құпиясөз сұралады.
    • Файлды автоматты жою параметрлері: сақталған файлды автоматты түрде жою немесе жоймау керектігін таңдаңыз. Жоюға дейінгі мерзім орнату үшін Қосу таңдаңыз. Файл соңғы рет қолданылған соң қойылған мерзім өткен кезде файлдар автоматты түрде жойылады. Файлдар қолданылмаса, олар сақталғаннан соң қойылған мерзім өткен кезде файлдар жойылады. Пайдаланушылар мұны Параметрлер > Жалпы параметрлер > Сақтау параметрлері > Ортақ қалтаның кіру рұқсатын басқару > Кіру параметрі Рұқсат етілген ретінде және Автоматты жою параметрі рұқсаты параметрі Пайдаланушы ретінде қойылған кезде ғана орната алады. Әкімшілер мұны Автоматты жою параметрі рұқсаты параметріне қарамастан орната алады.