> Басып шығару > Құжаттарды басып шығару > PDF файлдарын жад құрылғысынан басып шығару > PDF параметрлеріне арналған негізгі мәзір опциялары

PDF параметрлеріне арналған негізгі мәзір опциялары

Жад құрылғыларындағы PDF пішіміндегі файлдарының басып шығару реттеулерін жасауға болады.

Соңғылардан ескілерге дейін/Ескілерден соңғыларға дейін:

Файлдарды СКД экранына көрсету үшін сұрыптау параметрін таңдаңыз.

Қағ.прм.:

Басып шығару қажет қағаз көзінің параметрлерін көрсетіңіз.

2 жақты:

PDF файлдарын 2 жақты басып шығару арқылы басып шығару үшін Қосу параметрін таңдаңыз. Сондай-ақ Тігу орны параметрінен байланыстыру әдісін таңдауға болады.

Басып шығ. реті:

Бірнеше бетті PDF файлдарын басып шығару ретін таңдаңыз.

Түс режимі:

Ақ ж/е қара немесе Түс параметрінде қалыпты түрде басып шығаратын түс параметрін таңдаңыз.