Мәзірді төмендегі принтердің басқару тақтасынан табуға болады.
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Қабылдау параметрлері > Сақтау/бағытын өзгерту пар-лері > Шартты сақтау/бағытын өзгерту
Web Config экранында төмендегі мәзірді табуға болады.
Fax қойынды > Save/Forward Settings > Conditional Save/Forward
Сақтау және/немесе жіберу межелерін Кіріс жәшігі қалтасына, құпия жәшіктерге, сыртқы жад құрылғысына, электрондық пошта мекенжайларына, ортақ қалталарға және басқа факс машинасына орнатуға болады.
Шарттарды қосу немесе ажырату арасында ауыстыру үшін
параметрінен басқа жиынтық элементінің кез келген жерін түртіңіз.
Шарттарды таңдап, реттеулерді жасаңыз.
Жіберушінің факс нөмірі сәйкес болғанда, алынған факс сақталып, қайта жіберіледі.
Қосалқы мекенжай (SUB) дәл сәйкес болғанда, алынған факс сақталып, қайта бағытталады.
Құпиясөз (SID) дәл сәйкес болғанда, алынған факс сақталып, қайта бағытталады.
Көрсетілген мерзімде алынған факстарды сақтайды және қайта жібереді.
Шарттарға сәйкес келетін қабылданған құжаттардың сақтау және қайта жіберу үшін орынды таңдаңыз. Бір уақытта төмендегі мүмкіндіктерді пайдалануға болады.
Алынған факстарды принтердің Кіріс жәшігі қалтасына немесе құпия жәшікке сақтайды.
Барлығы 200 құжатқа дейін сақтауға болады. Сақталған құжаттардың файл өлшемі сияқты пайдалану шарттарына байланысты 200 құжатты сақтау және сол уақытта бірнеше факс сақтау мүмкіндіктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Алынған факстарды PDF не TIFF файлдары ретінде принтерге қосылған сыртқы жад құрылғысында сақтайды.
Құжаттар принтерге қосылған жад құрылғысына сақталмас бұрын қабылданған құжаттар принтердің жадына уақытша сақталады. Жадтың толып кетуі туралы қате факстарды жіберуді және қабылдауды өшіретіндіктен, принтерге қосылған жад құрылғысын ажыратпаңыз.
Алынған факстарды басқа факс машинасына қайта жібереді немесе оларды PDF не TIFF файлдары ретінде желідегі ортақ қалтаға не электрондық пошта мекенжайына қайта жібереді. Қайта жіберілген факстар принтерден жойылады. Алдымен жіберетін межені контактілер тізіміне қосыңыз. Электрондық пошта мекенжайына жіберу үшін, электрондық пошта серверінің параметрлерін конфигурациялау керек.
Тағайындалған орын: бұрын контактілер тізіміне қосылған контактілерден жіберу межесін таңдауға болады.
Желідегі ортақ қалтаны немесе электрондық пошта мекенжайын жіберу межелі орны ретінде таңдасаңыз, сканерлеу режимінде сканерленген кескінді межелі орынға жібере алатын-алмайтыныңызды тексеру ұсынылады. Негізгі экранда Сканерлеу > Электрондық пошта немесе Сканерлеу > Желі қалтасы/FTP тармағын таңдап, межені таңдаңыз да, сканерлеуді бастаңыз.
Бағыты өзгертілмегендегі опциялар: қате факстарды басып шығаруды немесе оны Кіріс жәшігі қалтасына сақтауды таңдауға болады.
Қабылданған факстарды сақтау немесе қайта жіберу кезінде файл форматын орнатуға болады.
Төменде тңдалған процесс аяқталған кезде электрондық поштаға хабарландыру жібереді. Бір уақытта төмендегі мүмкіндіктерді пайдалануға болады.
Процесс аяқталғаны туралы хабарланатын межені белгілеңіз.
Факсты қабылдау аяқталған кезде хабарландыру жібереді.
Факсты басып шығару аяқталған кезде хабарландыру жібереді.
Факсты жад құрылғысына сақтау аяқталған кезде хабарландыру жібереді.
Факсты қайта жіберу аяқталған кезде хабарландыру жібереді.