Компьютерге Wi-Fi Direct арқылы қосылу

Принтер мен компьютер Wi-Fi Direct арқылы қосылған кезде, компьютерден Интернетке кіру мүмкін емес. Принтерге үнемі қосылу қажет болса, Wi-Fi қосылымын пайдалануды ұсынамыз.

  1. Epson веб-сайтына кіріп, принтерге қосылатын компьютерге принтер драйверін жүктеңіз.

    https://www.epson.com

  2. түймесін түртіп, Wi-Fi Direct таңдаңыз.

  3. Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.

  4. Басқа операциялық жүйедегі құрылғылар параметрін таңдаңыз.

    Принтер үшін Желі атауы (SSID) және Құпиясөз Wi-Fi Direct үшін көрсетіледі.

  5. Компьютердегі желіге қосылу экранында принтердің басқару тақтасында көрсетілетін SSID идентификаторын таңдап, құпиясөзді енгізіңіз.

  6. Орнату үшін компьютерде жүктелген принтер драйверін екі рет басыңыз.

    Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

  7. Принтердің басқару тақтасында Келесі тармағын таңдаңыз және содан кейін Аяқталды дегенді таңдаңыз.