Принтерді IEEE 802.3az (Энергия үнемдейтін Ethernet) жүйесін қолдайтын құрылғылардың көмегімен Ethernet желісіне қосқан кезде, ағымдағы сәтте қолданылатын хабқа немесе маршрутизаторға тәуелді келесідей проблемалар туындауы мүмкін.
Байланыс тұрақсыз, принтер бір өшіп, бір қосылады.
Принтерге қосылу мүмкін емес.
Байланыс жылдамдығы баяу.
Принтерге арналған IEEE 802.3az жүйесін өшіріп, қайта жалғау үшін келесі қадамдарды басшылыққа алыңыз.
Компьютерге және принтерге жалғанған Ethernet кабелін суырыңыз.
Компьютерге арналған IEEE 802.3az жүйесі қосылған кезде оны өшіріңіз.
Мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
Компьютер мен принтерді Ethernet кабелімен дұрыстап жалғаңыз.
Принтерден желіге қосылу есебін басып шығарыңыз.
Желі қосылымы есебіндегі принтердің IP мекенжайын тексеріңіз.
Компьютерде Web Config терезесіне кіріңіз.
Веб-браузерді іске қосыңыз, содан соң принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
Network қойындысын > Wired LAN таңдаңыз.
OFF күйін IEEE 802.3az үшін таңдаңыз.
Next түймесін басыңыз.
OK түймесін басыңыз.
Компьютерге және принтерге жалғанған Ethernet кабелін суырыңыз.
Компьютерге арналған IEEE 802.3az жүйесін 2-қадамда өшірген болсаңыз, оны қосыңыз.
1-қадамда суырған Ethernet кабельдерін компьютер мен принтерге жалғаңыз.
Проблема әлі шешілмеген болса, бұған принтерден басқа құрылғылар себепші болуы мүмкін.