> Әкімші туралы ақпарат > Принтерді басқару > Микробағдарламаны жаңарту > Web Config арқылы микробағдарламаны жаңарту

Web Config арқылы микробағдарламаны жаңарту

Егер принтерді интернетке жалғау мүмкін болса, Web Config бөлімінен микробағдарламаны жаңартуға болады.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Device Management қойындысы > Firmware Update

  4. Start түймесін басыңыз, содан соң экрандық нұсқауларды орындаңыз.

    Егер жаңартылған микробағдарлама болса, микробағдарламаны растау басталып, микробағдарлама туралы ақпарат көрсетіледі.

Ескертпе:

Сондай-ақ, Epson Device Admin мүмкіндігі арқылы микробағдарламаны жаңартуға болады. Құралдар тізімінде микробағдарлама туралы ақпаратты қарап тексеруге болады. Ол бірнеше құрылғылардың микробағдарламасын жаңарту қажет болғанда пайдалы. Қосымша мәліметтер алу үшін Epson Device Admin нұсқаулығын немесе анықтамасын қараңыз.